Қазақстандағы көшет шаруашылығы саласының дамуына не кедергі?

Қазақстандағы көшет шаруашылығы саласының дамуына не кедергі?

Құрметті достар, сіздерді 4 маусым бейсенбі күні сағат 15-00-де өтетін, кезекті онлайн-семинарға шақырамыз!

Семинар тақырыбы бойынша жеміс шаруашылығы саласын дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын, Қазақстандағы отандық отырғызу материалын өндіру жайындағы өткір мәселелер талқыланбақ.

Бұл жолы біз ZOOM платформасында, дөңгелек үстел форматында семинар өткізбекпіз. Шақырылған сарапшылар, жеміс-жидек дақылдарының көшет шаруашылығы жағдайын талқылайды. Тақырып аясында келесі сұрақтарға ерекше көңіл бөлінеді:

1) Саланы дамытудағы отандық аграрлық ғылымның рөлі.

2) Вируссыз отырғызу материалын өндіру.

3) Саланы мемлекеттік қолдау.

4)  Көшет шаруашылығындағы шетелдік тәжірибе.

5)  Көшет шаруашылығы мен жеміс-жидек өнімін өндіретін өндірушілер арасындағы байланыс.


Дөңгелек үстелге қатысушы сарапшылар:

1) ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры -Азат Сұлтанов.

2) Қазақстанның жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалын өндірушілер қауымдастығы төрағасының орынбасары- Мәншүк Жексембекова.

3) Алматы облысы бағбаншылар қауымдастығының басшысы- Арсен Рысдаулетов

4) Кездесудің модераторы, ҚазЖжКШ ҒЗИ-ның Басқарма Төрағасы- Серік Садықов.


Құрметті достар, сіздерді аталмыш тақырыпты талқылауға шақырамыз, себебі бұл мәселенің табысты шешілуіне көп нәрсе, соның ішінде біздің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі де тікелей байланысты.


Өз сұрақтарыңызды ватсап желісі бойынша, мына нөмерге жолдай аласыздар:

+7 705 396 0511

Біздің ресми парақшаларымыздың мекенжайлары:

facebook: facebook.com/qazrifvg/

Instagram: @favri_official

Admin