«Аграрлық ғылым мен бизнестің жеміс-көкөніс шаруашылығы саласындағы өзара әрекеттестігі» атты дөңгелек үстел

«Аграрлық ғылым мен бизнестің жеміс-көкөніс шаруашылығы саласындағы өзара әрекеттестігі» атты дөңгелек үстел

Құрметті достар, 2020 жыл көп жағдайда Қазақстанның барлық агроөнеркәсіп кешені үшін, соның ішінде аграрлық ғылым үшін де өзгеріске ұшырайды. 6 қаңтарда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң түрінде құрылған заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енді. Оның ішінде бұл фермерлерге ғылыми ұйымдардың қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығындардың 80% — ына дейін субсидиялауға да қатысты.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 30 қаңтарында біздің институтта ҚазЖКШҒЗИ-ның кеңейтілген ғылыми кеңесінің ашық отырысы өтеді. Іс-шараның тақырыбы: «Аграрлық ғылым мен бизнестің жеміс-көкөніс шаруашылығы саласындағы өзара әрекеттестігі»

Қазіргі таңда институт ғалымдары 2021-2023 жылдарға арналған БМҚ (бағдарламалық — мақсатты қаржыландыру) алу үшін ғылыми зерттеулер жоспарын құруда және біздің қызметіміздің тікелей тұтынушыларынан, яғни нақты аграрлық секторға тартылған адамдардан кері байланыс бізге өте маңызды. Кездесуге біздің бейініміз бойынша жұмыс істейтін қауымдастықтар мен фермерлік шаруашылықтардың өкілдері шақырылды. Бірақ біз әр түрлі себептерге байланысты тілек білдірушілердің толығымен осы іс-шараға қатыса алмайтынын жақсы түсінеміз.

Сондықтан отандық ғылымның әзірлемелері саласында сіздерді не қызықтыратыны жайында мүдделі тұлғаларға өз өтініш-тілектеріңізді жіберуді ұсынамыз.

Электрондық пошта мекен-жайы: info@favri.kz

Сіздерден хаттың тақырыбына «Дөңгелек үстел. Өтінім» атауын көрсетуіңізді сұраймыз. Хатта кері байланыс үшін сіздің байланыс телефондарыңыз, ұйымыңыздың атауы мен нысаны және нақты тұжырымдалған сұраныс — тілек болуы тиіс.

Хаттар бейіндік ғалымдарға беріліп, олардың ғылыми — зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізілуі үшін назарға алынады. Нәтижелері туралы Сізге қосымша хабарлаймыз.

Өтінімдер 2020 жылдың 24 қаңтарына дейін қабылданады.

Қатысу және аккредиттеу мәселелері бойынша Мөлдір Жұмағұловаға мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 747 429 50 46

Бірлесе отырып, табысқа әкелетін диалогтарға үміттенеміз!

Admin